"Тобыл" грузиялық легионерді алды

08.07.2024, 16:26

"Тобылдың" қатарын грузиялық жартылай қорғаушы Цотне Мосиашвили толықтырды.

Цотне Мосиашвили "Жетісу" сапында

29 жастағы футболшы бұған дейін "Жетісудың" жейдесінде өнер көрсеткен болатын. ҚПЛ-ге наурыз айында келген грузиялық жартылай қорғаушы талдықорғандық команда сапында барлық турнирлердегі 13 ойынға қатысқан. "Transfermarkt" порталының мәліметіне сәйкес, Мосиашвилидің нарықтағы құны 250 мың еуроны құрайды.

Айта кетейік, қостанайлық клуб 18-шілдеде Еуропа Лигасының бірінші айналымы аясында словакияның "Ружомберок" командасын қабылдайды. Ал қос команданың бірінші бәсекесі 11-шілдеде Словакияда өтпек. Келесі кезеңге екі ойын қортындысы бойынша үздік шыққан команда өтеді.