Дәурен Жұмат «Тобыл» жейдесін киюге жақын.
Бізге келіп жеткен инсайдтық ақпаратқа сәйкес, жартылай қорғаушы мен қостанайлық клуб арасында келіссөздер жүруде. Қос тарап қазір келісімшарттың соңғы детальдарын талқылап жатқан ұқсайды.
Дәурен Жұмат соңғы екі маусымды «Оқжетпес» сапында өткізді – ҚПЛ-де 43 ойын, 14 гол мен 5 ассист. Жартылай қорғаушы одан бөлек «Мақтаарал», «Тараз-Жастар» командасының намысын қорғаған. Жамбыл футболының түлегі сондай-ақ, Қазақстан құрамасының сапында 4 матчта өнер көрсетті. Футболшының нарықтық бағасы 450 мың еуро. «Тобыл» былтыр Қазақстан премьер-лигасын 3-орынмен тәмамдап, Еурододаларға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Биыл енді қостанайлықтар Конференциялар Лигасында ел намысын қорғайды. Маусым алдында қостанайлықтар Шотландия чемпионатына кеткен Ислам Чесноковтың орнын толтыратын футболшыларды қарастыруда. Клуб басшылығы жартылай қорғаныста басты үміткерлердің бірі ретінде Дәурен Жұматты
Біздің серіктес: FONBET