Жарнама
Жарнама

«Тобыл» - Қазақстан кубогының жеңімпазы

04.10.2025, 21:10

Бүгін Қазақстан кубогының 33-финалының жеңімпазы анықталды.

Жарнама
Жарнама

Алғаш рет Қызылордада ұйымдастырылған финалдық ойында фаворит саналған «Тобыл» жеңіске жетті.

Бірінші тайм толықтай қостанайлықтардың еншісінде өтті. Олар қорғаныс пен шабуылда да сәтті әрекет етті. Аллы мен Асхат Тағыберген орындаған айып добынан кейін Николай Сигневич есеп ашты. Ал кейіннен Ахмед Эль-Мессаудидің алыстан бағыттаған соққысы бағанадан қайтып, допқа бірінші жеткен Ислам Чесноков есепті еселеді.

Екінші таймда «Ордабасы» ойыншылары белсенді шабуылға көшіп, бірнеше сәтті мүмкіндіктер ұйымдастырды. Алайда олардың ешқайсысы голға айналған жоқ . Есеп: 0:2.

Осылайша, «Тобыл» Қазақстан кубогын үшінші рет жеңіп алды. Ал «Ордабасы» бұл турнирдің финалында үшінші рет жеңіліске ұшырады.

«Ордабасы» — «Тобыл» 0:2 (0:2)

Голдар: Сигневич, 19 (0:1); Чесноков, 33 (0:2).

33-ші кубок бәсекесіне Премьер-лиганың 14 клубы және Бірінші лига мен Екінші лиганың 16 клубы қатысып, 15 наурызда жарысты бастаған. 

«Тобыл» алғашқы финалист болып, дода барысында Талдықорғанның «Жетісуін» (қосымша уақытта 1:0), түркістандық «Тұранды» (2:0) және «Жеңісті» (3:2, қос ойынның қорытындысы) ұжымынан басым түсті. Араға 2 жыл салып, Нұрбол Жұмасқалиевтің шәкірттері шешуші ойында қайта кубокқа таласады. Бұл қостанайлықтардың тарихындағы 5-ші финал және 2007 мен 2023 жылдары топ жарған. 

Айта кетейік, Қызылорда қаласындағы «Kaysar-Arena» стадионның сыйымдылығы 11 000 адамды құрайды. Қазақстан кубогының финалистеріне қаржылай сыйақы беріледі. Ал жеңімпаз 2025 жылғы Қазақстан Суперкубогы мен еурокубоктық бәсекенің іріктеу кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: