"Тобыл" клубының баспасөз қызметі "Қызыл-Жар" ФК қақпашысы Мирослав Лобанцевке қызығушылық танытқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Тобыл" ФК Лобанцевпен келіссөздер жүргізілмегенін және жоспарланбағанын ресми түрде мәлімдейді.
"Тобыл" футбол клубының қақпасын чемпионаттың үздік ойыншылардың бірі - Александр Мокин қорғайды. Айта кетейік, бұл маусымда Александр аз гол жіберді және позициясы бойынша елдегі үздік ойыншы болып саналады. Сонымен қатар бізде кез-келген уақытта командаға көмектесуге дайын тағы екі жас қақпашы бар. Олар үнемі кәсіби жағынан дамып, өсіп келеді. Бапкерлер штабы барлық қақпашылардың жұмысы мен ойынына риза", - делінген клубтың хабарламасында.
Біздің серіктес: FONBET