Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малыйдың допинг сынағына қатысты мәлімдеме жасады.
«Кейбір әлеуметтік желілерде Сергей Малыйдың допинг тесттен өтпегені туралы ақпарат тарады.
«Тобыл» футбол клубы бұл хабардың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Сергей Малыйдың допинг сынағы Руслан Валиуллиндікіндей, «Жилина» - «Тобыл» арасындағы қарымта ойыннан кейін алынды. Сергей Малыйдык тесті теріс нәтиже көрсетті. Қазір Қазақстан құрамасының қорғаушысы клуб орналасқан жерде», - делінген клубтың хабарламасында.
Біздің серіктес: FONBET