Қостанай ұжымы бүгін Қазақстан Суперкубогынде Рафаэль Уразбахтин шәкірттерін тізе бүктірді.
“Астана Аренада” болған кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен тәмамдалды. Матч барысында “Қайрат” сапынан Александр Мрынский мен Яакко Оксанен гол соқса, “Тобылдан” Луис Герра мен Асхат Тағыберген пайдалы әрекеттерімен көзге түсті. Ойын соңындағы пенальтилер бәсекесінде Рикардиньоның мүлт соққысы Алматы ұжымын Суперкубоксыз қалдырды. “Тобылдың” Жаслан Жұмашев бастаған пенальтистері қарсыласқа еш мүмкіндік қалдырмады.
Жалпы бұл турнир тарихында “Тобыл” 4 мәрте чемпион атанып, “Қайратты” бұл көрсеткіш бойынша басып озды (3 мәрте). Қостанай командасы 2021, 2022, 2024 және 2026 жылғы бәсекелерде топ жарды. Жасылдардың ендігі межесі 6 мәрте чемпион болған “Астананы” қуып жету.
Айта кетейік, “Тобыл” 2021 жылдан бері тұрақты түрде Қазақстан Кубогы мен Суперкубогынде лайықты өнер көрсетіп келеді. Комбайнерлер соңғы 6 жылда 7 түрлі трофей жеңіп, еліміздегі мықты ұжымдардың қатарына кіретінін дәлелдеп жүр.
Біздің серіктес: FONBET