Жарнама
Жарнама

«Тобыл» Конференция лигасындағы жорығын жеңіспен бастады

22.07.2022, 02:52
Қостанайлық клуб жауапты матч алдында өздері үшін қолайлы нәтиже тіркеді.
Жарнама
Жарнама

«Тобыл» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Гибралтар чемпионы «Линкольн Ред Импсты» қабылдады. Матч Қостанайдағы Орталық стадионда өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Кездесудің алғашқы таймында гол соғылған жоқ. Ал 65-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан қазақстандық шабуылшы Айбар Жақсылықов «Тобылды» алға шығарды. «Линкольн» командасы да қарап қалмай, қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Жасаған соққылары Мокин қорғаған қақпаның бағанына, маңдайшасына тиді. Бірақ 91-минутта Жарко Томашевич баспен гол соғып, ойынның нүктесін қойды.

Қос команда арасындағы жауапты матч 28 шілдеде Гибралтарда өтеді.

«Тобыл» – «Линкольн Ред Импс» – 2:0

«Тобыл»: Александр Мокин (қ) – Алекса Аманович, Жарко Томашевич, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров – Душан Йованчич, Асхат Тагыберген (к), Самат Жарынбетов – Милан Вукадинович (Айбар Жақсылықов 63), Зоран Тошич (Владислав Васильев 87), Игорь Сергеев (Серж Дебле 64);

Қосалқы құрам: Сұлтан Бусурманов (қ), Тимур Акмурзин (қ) – Роман Асранқұлов, Сергей Малый, Данияр Семченков – Чиди Осучукву, Вячеслав Күлпейісов, Жасұлан Жумашев;

«Линкольн Ред Импс»: Дэйл Коулинг (қ) – Хесус Тоскано, Бернарду Лопеш, Рой Чиполина (к), Скотт Уайзмен – Киан Ронан, Этан Бритто, Джон Серджант (Кике Гомес 73) – Нано, Лиам Уокер (Хуампе 72), Хуан Пенья (Ли Кашаро 62);

Қосалқы құрам: Наусет Сантана (қ), Иван Вильянуэва (қ) – Марко Роса, Грэм Торилья, Хавьер Аньон, Кайл Клинтон;


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров