Жарнама
Жарнама

«Тобыл» көшбасшы футболшысымен келісім-шартты ұзартты

10.02.2022, 17:28
Келісім-шарт мерзімі 1 жылға есептелген.
Жарнама
Жарнама

Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан құрамасының 31 жастағы қорғаушысы Сергей Малыймен келісім-шартты ұзартқанын хабарлады.

Жаңа келісім алдағы маусымның соңына дейін есептелген.

Сергей Малый «Тобыл» сапында 2020 жылдың шілде айынан бері ойнап келеді. Сондай-ақ 2017 жылғы маусымның алғашқы жартысын қостанайлық клубта өткізді. Ол «Тобыл» жейдесінде 63 матч өткізіп, 9 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

Премьер-лиганың соңғы маусымында Малый чемпионаттың үздік қорғаушысы деп танылды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров