Қостанайлық "Тобыл" 33 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Зоран Тошичпен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Келісім-шарт осы маусымның соңына дейін есептелген.
Тошич "Партизан", "Манчестер Юнайтед", ЦСКА, "Кёльн" секілді командалардың намысын қорғаған. Ол соңғы кездері өнер көрсеткен қытайлық "Тайчжоу Юаньда" клубы қаржылық мәселелерге байланысты ресми түрде таратылды. Клуб таратылғаннан кейін барлық ойыншылар еркін агент мәртебесін алды.
Тошич қытайлық клубта 2020 жылдың ақпанынан бастап ойнады, 10 матч өткізіп, 3 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET