«Тобыл» Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші турында «Астанамен» тең ойнады. Матч Қостанайдағы «Тобыл Арена» стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 34-минутында «Тобыл» қорғаушысы Жарко Томашевич өзінің бұрынғы командасына гол соқты. Бірінші таймның қосымша уақытында Игорь Сергеев пенальтиді сәтсіз орындады. Ал 55-минутта Педро Эуженио тамаша гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті.
Қазақстан Премьер-лигасы, 8-тур
«Тобыл» – «Астана» – 1:1
«Тобыл»: Александр Мокин (қ) – Алекса Аманович, Жарко Томашевич, Сергей Малый, Александр Марочкин, Самат Жарынбетов – Душан Йованчич, Асхат Тағыберген (к) – Рубен Бриджидо, Владислав Васильев, Игорь Сергеев (Айбар Жақсылықов 77);
«Астана»: Марко Милошевич (қ) – Талғат Кусяпов, Денис Поляков, Даниил Бескоровайный, Камо Оганесян – Аслан Дарабаев, Макс Эбонг, Жереми Манзорро – Марин Томасов (к), Педро Эуженио, Рай Влут (Абат Айымбетов 89);
Біздің серіктес: FONBET