ҚФФ жанындағы Бақылау-тәртіптік комитетінің кезекті отырысының қорытындысы бойынша «Тобыл» мен «Жетісу» ойыншылары Сенин Себай мен Олжас Керімжанов бес матчқа шеттетілді.
Бұл шешім ҚПЛ-дің 12-турында өткен осы командалар арасындағы матч қорытындысы бойынша қабылданды.
«Ойын эпизодынан тыс қарсыласына физикалық қысым көрсеткені үшін, төрешінің «Жетісу» ФК ойыншысы Олжас Керімжанов пен «Тобыл» ФК ойыншысы Сенин Себайға ескерту түрінде берген тәртіптік жазасы бес матчтық дисквалификацияға ауыстырылды. Шешім ҚФФ тәртіптік ережелерінің 44-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес қабылданды. Дисквалификация мерзімі 2020 жылдың 12 қазанында күшіне енді», - делінген ҚФФ сайтында.
Матчтың өзі 2:0 есебімен «Тобылдың» жеңісімен аяқталған еді.
Біздің серіктес: FONBET