Жарнама
Жарнама

«Тобыл» мен «Жетісудың» жиыны басталды

16.02.2015, 18:29
Жарнама
Жарнама
Қостанайлық «Тобыл» мен талдықорғандық «Жетісу» жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарын бастады. Төртінші жиынын бастаған қостанайлықтар көп күтпей, Антальяға келген күні жаттығуларын бастап кетті. Алдағы уақытта бірнеше кездесу өткізеді, алайда матчтардың қанша болатыны және қарсыластары кім болары белгісіз. Осы жиын аяқталысымен «Тобыл» Қостанайға емес, Алматыға барып, Қазақстан чемпионатының алғашқы турындағы «Қайратқа» қарсы кездесуге дайындалады. Ал талдықорғандық ұжым жиынын 1 наурызға дейін жалғастырады. Осы ОЖЖ арасында төрт жолдастық матч өтеді деп жоспарлануда. Ал қарсыластардың кім болары белгісіз. Әділеттілік үшін айта кетейік, «Жетісу» премьер-лиганың алғашқы турында «Қайсармен» кездеседі.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров