Шымкенттік "Ордабасы" Премьер-лиганың 16-турында Қостанайлық "Тобылдан" оңбай ұтылды. Матч Сегізбаев атындағы стадионда өтіп, 0:3 есебімен аяқталды.
Матчтағы алғашқы голды 48-минутта Валиуллин Себайдың пасынан кейін соқты. Араға сегіз минут салып "Тобыл" есепті еселеді. Серіжан Мұжықовтың соққысын қайтарам деген Дмитренко өз қақпасына гол соғып алды. 64-минутта қақпашымен жеке-дара шыққан Сенин Себай командасының үшінші голын соқты.
Бұл ойыннан кейін екі команда да турнирлік кестедегі өз орындарын сақтап қалды. "Ордабасы" 27 ұпаймен үшінші орында, "Тобыл" 26 ұпаймен төртінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET