Бүгін сағат 20:00-де Қостанайдың "Орталық" стадионында Конференция лигасының 2026/27 маусымы аясында "Тобыл" мен Сербиялық "Партизан" арасындағы қарымта матч өтеді, деп хабарлайды Aladop.kz.
6 тамызда Белградта өткен алғашқы кездесуде "Партизан" 3-0 есебімен сенімді жеңіске жеткен болатын. Бұл нәтиже "Тобылдың” келесі кезеңге өту мүмкіндігін айтарлықтай қиындатты. Командалардың соңғы ойындарын салыстыратын болсақ, "Партизан” өте жақсы бапта: олар соңғы алты матчтың бесеуінде жеңіске жетіп, тек бір рет тең ойнаған. Ал "Тобылдың” көрсеткіштері тұрақсыз: соңғы 6 ойынның тек біреуінде ғана жеңіс тойын тойлап, үш рет тең түсіп, екі рет жеңіліске ұшыраған.
Қолда бар деректерді талдау нәтижесі бойынша, бұл матчта да "Партизанның” жеңіске жету ықтималдығы жоғары — 46,19%. "Тобылдың” жеңісі 29,96% деп бағаланса, тең ойынның мүмкіндігі 23,85%-ды құрайды.
Сарапшылардың болжамы бойынша ең ықтимал есептер:
– "Партизанның” 0:1 есебімен жеңісі — 9,58%.
– 1:1 есебімен тең ойын — 11,04%.
– "Тобылдың" 2:1 есебімен жеңісі — 7,5%.
Сонымен қатар, екі команданың да гол соғу ықтималдығы 56,24% деп бағаланып отыр.
Ұлттық құрама бапкерінің назары
Бұл кездесудің тағы бір маңызды ерекшелігі — матчқа Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері, Нидерландтық маман Джон ван ’т Схип пен Скот Манн арнайы келеді. Бұл "Тобыл” сапындағы отандық футболшылар үшін жаңа бапкердің алдында өз шеберліктерін көрсетіп, ұлттық құрамаға шақырту алуға үлкен мүмкіндік болмақ.
Қорытынды
"Тобыл" үшін үш гол айырмашылығын қуып жету — өте ауыр міндет. Статистикалық мәліметтер "Партизанның” гол соғу мүмкіндігі 76,41% екенін көрсетеді, демек Қостанайлықтарға қорғаныста өте жинақы ойнап, шабуылда барын салу қажет. Бұл ойын "Тобыл” үшін биылғы Еурокубоктық маусымдағы ең басты сынақтардың бірі болмақ
Біздің серіктес: FONBET