Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Тобылдың" легионері Карлуш Фонсека жақында қостанайлық клубтан кетеді.
"Тобылдың" жаттықтырушылар құрамы португалиялық вингерге сенбейді. Соңғы 10 матчта Фонсека алаңда бар болғаны 91 минут өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін "Тобыл" қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаевтың та командадан кеткені хабарлаған болатын.
Фонсека "Тобылға" 2020 жылдың шілдесінде еркін агент ретінде қосылды. Жалпы ол қостанайлық клуб жейдесінде 12 матч өткізіп, ешқашан тиімді әрекеттермен көзге түскен жоқ.
Біздің серіктес: FONBET