«Тобыл» 30 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Рубен Бриджидомен келісім-шартқа отырғанын жариялады.
Бриджидо алдағы 1,5 жыл бойы қостанайлық клубта өнер көрсететін болады. Ойыншы жаңа командасында 18-ші нөмірмен ойнайды.
Португалиялық футболшы 2020 жылдың ақпанынан бастап «Ордабасы» клубының намысын қорғады. Жалпы шымкенттік клуб үшін 38 матч өткізіп, 4 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET