Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан Суперкубогінің жартылай финалында Алматылық "Қайратпен" кездесті. "Түркістан Арена" стадионында өткен матч 3:3 есебімен аяқталды. Бірақ пенальти сериясында "Тобыл" 4:2 есебімен басым түсті.
Ойындағы алғашқы әрі жылдам голды Асхат Тағыберген 10 минутта Косович пен Дугаличтің қателігінен кейін соқты. Ал бұл голға 40-минутта Небойша Косович жауап берді. 35-минутта алаңға шыққан Гүлжігіт Алықұлов командасын күшейтті. 67- минутта дәл осы ойыншының пасынан кейін Артур Шушеначев өз командасын алға шығарды.
"Тобыл" сапында Жереми Манзорро керемет өнерімен көзге түсті. 74-минутта Сергей Малыйға, 76-минутта Серікжан Мужиковқа нәтижелі пас берді. Олар тиісінше, қақпаны көздеуде еш қателеспеді. Ал 91- минутта Гүлжігіт Алықұлов өте керемет соққысымен есепті теңестіріп кетті. Ал 95-минутта Нұралы Әліп қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
"Тобыл" 6 наурыз күні финалда "Астанамен" кездесетін болады. Ал "Қайрат" 5 наурыз күні "Шахтермен" үшінші орынды сарапқа салатын болады.
Біздің серіктес: FONBET