«Тобыл» қақпашысы Александр Мокиннің тізесіне жасатқан отасы сәтті өтті.
Қазіргі уақытта футболшы ота жасалған неміс ортопедиялық емханасында оңалту шараларынан өтіп жатыр.
Жақын арада Мокин Қостанайға оралып, ем-дом жұмыстарын жалғастырады.
«Тобыл» футбол клубының ұжымына, сондай-ақ жанкүйерлеріме алғысымды білдіргім келеді, сіздердің қолдауларыңыз мен үшін өте маңызды», - деді қақпашы.
Еске сала кетейік, Мокин «Ордабасыға» қарсы матч кезінде ауыр жарақат алған еді. Тәжірибелі қақпашы маусым соңына дейін алаңға шыға алмайды.
Біздің серіктес: FONBET