Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан Кубогінің ширек финалындағы алғашқы матчта "Қызыл-Жарды" минималды есеппен жеңді. Матч Петропавлдағы "Қарасай" стадионында өтіп, 0:1 есебімен аяқталды.
Ойындағы жалғыз әрі шешуші голды 36-минутта Игорь Сергеев соқты. Нәтижелі пасты Руслан Валиуллин өз еншісіне жазды. Ал кездесудің 65-минутында "Қызыл-Жардың" жартылай қорғаушысы Карлос Фонсека екінші ескерту қағазын алып, алаңнан қуылды.
Айта кетейік, қос команда арасындағы жауапты кездесу 22 қыркүйек күні Қостанайда өтеді.
Біздің серіктес: FONBET