Жарнама
Жарнама

«Тобыл» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысымен толықты

18.01.2022, 17:11
Футболшы Беларусь және Өзбекстан чемпионаттарында өнер көрсеткен.
Жарнама
Жарнама

Қостанайлық «Тобыл» қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильевпен келісім-шартқа отырмақ.

Ойыншы жаңа командасына қосылу үшін Түркияға аттанды.

Соңғы бірнеше ай бойы Васильев Өзбекстан чемпионатында өнер көрсетіп, «Андижанның» намысын қорғады. Өзбекстандық клуб үшін 8 матч өткізіп, 1 гол соқты. Бірақ оның белоруссиялық «Энергетик-БГУ» клубымен жарамды келісім-шарты болды. Бірақ бұл команда футболшының кеткенін ресми түрде жариялады.

Васильев былтыр Қазақстан құрамасына тұрақты түрде шақырту алып жүрді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров