Қостанайлық «Тобыл» 24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильевпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Владислав Васильев – Қарағанды футбол мектебінің түлегі. Ол 2015 жылдың наурыз айында Премьер-лигадағы дебютін «Шахтер» сапында жасап, үш маусымда 25 ойын өткізді.
Осыдан кейін жартылай қорғаушы Беларусь чемпионатында өнер көрсете бастады, бірінші маусымда Минскінің «Энергетик-БГУ» клубымен Жоғары лигаға жолдама алды. Кейінірек «Рух» клубының намысын қорғады. Ол Беларусь Жоғары лигасында бас-аяғы 65 кездесу өткізіп, 15 гол мен 20 нәтижелі пастың авторы атанды.
Владиславтың соңғы командасы өзбекстандық «Андижан» болды (8 кездесу, 1 гол).
Қазақстан құрамасының жейдесінде Васильев 8 кездесу өткізген.
Біздің серіктес: FONBET