Жарнама
Жарнама

«Тобыл» - Қазақстан Суперкубогінің иегері

06.03.2021, 21:46
Жеңімпаз пенальти сериясы арқылы анықталды
Жарнама
Жарнама

Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан Суперкубогінің финалында елордалық "Астанамен" кездесті. "Түркістан Аренада" өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Пенальти сериясында "Тобылдың" асығы алшысынан түсіп, 5:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Григорий Бабаян шәкірттері Суперкубок иегері атанды.

Ойындағы алғашқы голды 14-минутта Сергей Малый Серікжан Мұжықовтың бұрыштамадан асырған пасынан кейін соқты. Ал 90-минутта Марин Томасов айып добын сәтті орындап, таразы басын теңестіріп, ойынды пенальти сериясына ұластырды.

Пенальти сериясында Александр Мокин Роман Мұртазаевтың соққысын тосып, командасына жеңіс сыйлады. Жолы болмаған "Астана" турнирдің күміс жүлдесін қанағат тұтты.

Пенальти сериясы: Бейсебеков - 0:1, Мұжыков - 1:1, Чуперка - 1:2, Аманович - 2:2, Муртазаев (қақпашы) - 2:2, Тағыберген - 2:3, Барсегян - 3:3, Йованчич - 4:3, Томасов - 4:4, Нұрғалиев - 5:4.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров