«Тобыл» қазақстандық шабуылшымен қош айтысты

22.06.2021, 19:26
Оралхан осы маусымда небәрі төрт ойынға қатысты.

"Тобылдың" шабуылшысы Оралхан Өміртаев қостанайлық клубтан кетіп, мансабын басқа командада жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Премьер-лиганың ағымдағы маусымында 22 жастағы ойыншы небәрі төрт кездесуге қатысты, оған гол соғып, нәтижелі пас беру үшін осы төрт матч жеткілікті болды.

Өміртаевқа өзінің бұрынғы клубы - қарағандылық "Шахтер" ​​қызығушылық танытты. Маусымның соңына дейін форвард "кеншілер" сапында ойнайды.

Өміртаев Қазақстан құрамасында екі матч өткізіп, екі гол соқты. Олардың бірін 2019 жылы Молдоваға қарсы жоодастық матчта соққан болатын.