Жарнама
Жарнама

«Тобыл» соңғы минуттарда «Тараздан» жеңісті жұлып әкетті

09.08.2021, 02:10
«Тобыл» топтық кезеңнен шығу үшін алаңға негізгі ойыншыларын шығарды.
Жарнама
Жарнама

"Тобыл" Қазақстан Кубогінің бесінші туры қарсаңында "Таразды" қабылдады. Матч Қостанайдағы Орталық стадионда өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

Ойындағы алғашқы гол бірінші тайм аяқталар тұста соғылды. Айып алаңына еш қиындықсыз кірген Бауыржан Байтана жақын бұрышты дәл көздеп, есеп ашты. Бірақ 69-минутта Игорь Сергеев жауапты голды соқты. Кездесудің қосымша уақытында Сұлтан Әбілғазы бұрыштамадан асырылған пасты өз пайдасына жаратып, командасына жеңіс сыйлады.

Москаленко шәкірттері бұл ойыннан кейін 9 ұпаймен өз тобында көш бастады. "Таразда" да 9 ұпай бар, бірақ екінші сатыда тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров