Қостанайлық "Тобыл" Премьер-лиганың 21-турында "Таразды" сенімді түрде жеңді. Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталады.
Ойынның 24-минутында "Тараз" капитаны Мақсат Әмірханов қолмен ойнағаны үшін алаңнан қуылды. Ал 26-минутта Азат Нұрғалиев пенальтиден гол соқты. 82-минутта Роман Муртазаев екінші голды соғып, матчтың нүктесін қойды.
"Тобыл" бүгінгі жеңістің арқасында Премер-лиганы екінші орынмен аяқтады. "Тараз" 20 ұпаймен тоғызыншы орында қалды.
Біздің серіктес: FONBET