Жарнама
Жарнама

«Тобыл» «Таразды» еш қиындықсыз жеңді

03.05.2021, 03:29
Жарнама
Жарнама

"Тобыл" Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы туры аясында "Таразды" қабылдады. Кездесу Қостанайдағы "Тобыл Аренада" өтіп, 3:0 есебімен аяқталды.

Ойынның 30-минутында есеп ашқан "Тобылдың" шабуылшысы Неманья Николич 42-минутта дубль жасады. Ойынның аяқталуына сегіз минут қалғанда Руслан Валиуллин өз командасының үшінші голын соғып, матчтың нүктесін қойды.

Бұл жеңістен кейін қостанайлық ұжым 18 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Ал Вардан Минасян шәкірттері 17 ұпаймен бір саты төменде тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров