Қостанайлық ұжым Премьер-лиганың 20-турында “Ордабасыны” жеңді.
“Ордабасы” осымен 3 ойын қатарынан керекті ұпайларынан қағылып отыр. Осыған дейін шымкенттік ұжым турнир аутсайдері “Атырау”мен легионерсіз өнер көрсетіп жүрген жүрген “Қайсар” клубтарына қарсы кездесулерде тең ойнаған болатын. Негізінде “Ордабасы” аталған екі матчтада 3 ұпайдан еншілеуі тиіс болған. Міне бүгінде Мартин шәкірттері “Тобылмен” шеберлік байқасуда есе жіберді. Матч барысында қонақтар сапында Ахмед Эль-Мессауди дубль жасады. Және ең қызығы наурыз айынан бері гол соқпай келе жатқан Асхат Тағыберген өзінің бұрынғы клубына айып добынан тамаша гол соқты. Сөйтіп, Қостанай ұжымына маңызды 3 ұпайды сыйлады. Бүгінде жеңісін тойлап жатқан “Тобыл” турнир кестесінде 3 орынға көтерілді.
Басқа ойындарда “Ақтөбе” Шушеначевтің дублі арқасында “Оқжетпесті” өз алаңында 2:1 есебімен тізе бүктірді. “Жетісу” мен “Атырау” ойынында мүлдем гол соғылмады. “Астана” тауда тимбилдинг қылған “Ұлытауды” 4:0 есебімен сенімді жеңді.
Ішкі чемпионаттың келесі ойындары 23 тамыз күні өтеді. Матч күнінде “Елімай” - “Қызылжар”, “Тобыл” - “Тұран” және “Қайсар” - “Атырау” клубтары сынға түседі.
Біздің серіктес: FONBET