Жарнама
Жарнама

«Тобыл» үш ойыншымен келісім-шартты ұзартты

04.02.2022, 23:32
Үш футболшы да клубтың түлегі болып саналады.
Жарнама
Жарнама

Қостанайлық «Тобыл» қазақстандық жартылай қорғаушылар Жаслан Жұмашев, Данияр Семченков және Вячеслав Құлпейісовпен келісім-шартты ұзартқанын хабарлады.

Үш ойыншының да жаңа келісім-шарты 2022 жылдың соңына дейін есептелген.

Жұмашев Премьер-Лигадағы дебютін 2020 жылы жасады. Ол қостанайлық клуб сапында 7 кездесу өткізіп, 2 гол соқты.

Данияр Семченков «Тобыл» жейдесінде 2019 жылы дебют жасады. Содан бері негізгі команда үшін 12 кездесу өткізді.

Ал «Тобыл» жастар құрамасының ойыншысы Вячеслав Құлпейісов алдағы уақытта негізгі командада өнер көрсететін болады. Соңғы екі маусымда футболшы Екінші лигада доп тепті. Ал Тобылдың негізгі командасымен бірге небәрі 6 матч өткізді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров