Жарнама
Жарнама

«Тобыл» үш ұпайды қанжығасына байлады

11.07.2021, 03:00
Тошич «Тобыл» сапындағы алғашқы голын соқты. Ал екінші голы осы турдың үздік голы болайын деп тұр.
Жарнама
Жарнама

"Тараз" Қазақстан Кубогінің бірінші турында "Тобылға" есе жіберді. Матч Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 1:3 есебімен аяқталды.

Ойынның 5-минутында Зоран Тошич "Тобыл" жейдесіндегі алғашқы голын соқты. 14-минутта Берік Айтбаев таразы басын теңестірді. Ал 32-минутта Тошич алыстан тамаша соққы жасап, командасын қайтадан алға шығарды. 91-минутта Асхат Тағыберген ойынның нүктесін қойды.

Үш ұпайды қанжығасына байлаған қостанайлық клуб өз тобында көш бастады. Жамбылдық клуб төртінші орында қала берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров