Қостанайлық "Тобыл" футбол клубы алдағы маусымға дайындық жоспарын бекітті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Команда қаңтар айында Түркия жағалауында алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, алғашқы жиын 6-26 қаңтар аралығына жоспарланған. Үш аптаға созылатын жаттығу процесінде футболшылардың физикалық дайындығы мен тактикалық байланыстарына басымдық беріледі.
Дайындық аясында бірқатар жолдастық кездесулер өткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда қарсыластардың бірі белгілі болды:
• Қарсылас: "Напредак” (Сербия)
"Тобыл” өткен маусымның қателіктерімен жұмыс істеп, биылғы додаларда жоғары орындардан көрінуді көздеп отыр.
Біздің серіктес: FONBET