Мемлекет басшысының кәсіби футбол клубтарын коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қостанай облысының әкімдігі «Тобыл» клубын одан әрі дамыту мақсатында жеке инвестор тарту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде облыс басшылығы мен «Олжа Агро» ЖШС ірі агроөнеркәсіптік холдингі арасында келісімге қол жеткізілді. Айта кету керек, бұл холдинг қызметінің айтарлықтай бөлігі Қостанай облысымен тығыз байланысты.
Ендігі жерде аталған компания «Тобылдың» стратегиялық жеке инвесторы болып табылады және оның өкілдері клубтың құрылтайшылар құрамына енді.
Стратегиялық инвестордың келуі «Тобыл» клубының дамуындағы маңызды кезең болмақ. Жаңа басқару моделіне көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Атап айтқанда, алдағы бес жыл ішінде жеке инвестициялар мен бюджеттен тыс түсімдердің үлесін арттыру көзделіп отыр.
Біздің серіктес: FONBET