"Тобылдың" бас бапкері Григорий Бабаян қызметінен кетті, деп хабарлайды "Тень отца Гурмана" телеграм арнасы.
Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, қостанайлық клуб Григорий Бабаянның орнына жаңа бапкер іздемейді. Александр Москаленко команданы Қазақстан чемпионатының 16-шы турында "Жетісуға" қарсы өтетін матчқа дайындап қана қоймай, маусым соңына дейін елдің вице-чемпиондарын жаттықтыра бермек. Ал Бабаянның қызметінен кетуі "Тобылдағы" қаржылық жағдаймен байланысты емес.
Айта кетейік, Григорий Бабаян бапкерлік мансабын Ресей Премьер-лигасында жалғастырады. Ол "Нижний Новгород" клубын жаттықтыратын болгариялық маман Станимир Стойловтың көмекшісі болып жұмыс істемек.
Біздің серіктес: FONBET