Жарнама
Жарнама

“Тобылдық” Иван Миладинович – Қоштасу ма, әлде қайта оралу ма?

18.12.2025, 08:35

Қостанайлық "Тобылдың" ойыншысы Иван Миладинович ауыр жарақаттан кейін қалпына келу процесін жалғастыруда, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Футболшының агенті Антон Синьковтың айтуынша, Миладиновичтің беті бері қараған. Қазіргі таңда ол емдеу курсының белсенді кезеңінен өтіп, жеңіл жүгіру жаттығуларына кіріскен. Бұл — ойыншының кәсіби спортқа оралуына деген үмітті оятатын жақсы нышан. Дегенмен, толық бабына келу үшін әлі де уақыт қажет.

Миладиновичтің Қазақстанға оралуына қатысты жағдай әзірге белгісіз. Бұған бірнеше себеп бар:

Ойыншының "Тобылмен" жасасқан еңбек шарты өз мәресіне жетті. Бұл дегеніміз — ол қазір еркін агент мәртебесіне жақын.

Агенттің сөзіне сенсек, Қазақстан футболындағы мемлекеттік қолдаудың қысқаруы мен клубтарды қаржыландырудың жаңа тетіктеріне байланысты "Тобыл” әзірге нақты шешім қабылдай алмай отыр. Клуб басшылығы футболшының жағдайын білгенімен, нақты келісімшарт ұсынуға асығар емес.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров