Жарнама
Жарнама

«Тобылдың» алдағы маусымға арналған бюджет көлемі белгілі болды

02.02.2021, 17:00
Қостанайлық клуб көшбасшы ойыншыларынан айырылып қалды.
Жарнама
Жарнама

Қостанайлық "Тобылдың" Қазақстан Премьер-лигасының алдағы маусымына арналған қаражат көлемі белгілі болды.

Мемлекеттік сатып алу сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы маусым үшін "Тобылға" 2,25 миллиард теңге бөлінді. Өткен маусымда қостанайлық клубқа 3,25 млрд теңге бөлінген еді.

Қазақстан чемпионатының өткен маусымында "Тобыл" екінші орынға ие болды және осы жылы УЕФА-ның жаңа турнирі - Конференция Лигасына қатысатын болады.

Еске салайық, маусымаралық үзіліс кезінде командадан Сенин Себаи, Джаба Канкава, Ника Квеквескири, Роман Мұртазаев, Арман Оганесян секілді ойыншылар кетіп қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров