Жарнама
Жарнама

"Тобылдың" бас бапкері: Бұл бәсекені үш ұпай деп есептеймін

13.05.2024, 06:14

Кеше ҚПЛ-дің сегізінші туры аясында "Ордабасы"-"Тобыл" кездесуі өтіп, шымкенттік команда жеңіске жетті

Милич Чурчич "Тобыл" ФК бас бапкері
Жарнама
Жарнама

Матчта жалғыз допты Артем Беседин салды (21). Турдың орталық ойынына баланған бәсекеден кейін қостанайлық клубты жаттықтыратын Милич Чурчич пікірін айтқан болатын. 

"Ең алдымен қарсыласты жеңісімен құттықтаймын. Ұтты. Бірақ бүгін ұтқан менің футболшыларым! Оларға үлкен алғыс. Бұл бәсекені үш ұпай деп есептеймін. Енді жағдайды бағамдап, ары қарай қалай жылжитынымызды шешеміз. Тартысқа, эмоцияға толы жақсы ойын болды.  "Ордабасының" футболшыларын, бапкерлік құрамын және осы командаға жаны күйетін барлық адамдарды құрметтеймін. Сол сияқты бір жарым жылдай еңбек етіп келе жатқан өзімнің клубымды да өте қатты құрметтеймін. Мен үшін бүгін жақсы кеш болды. Енді алдыға қалай қадам басамыз, көреміз. Менің осы туралы ойлануыма бір немесе екі күнім бар",- деді М. Чурчич. 

Сонымен осы жеңісінің арқасында "Ордабасының" қостанайлық командамен ұпайы теңесті. Екеуінде де 12-ден. Командалар турнирлік кестеде қатар орналасқан: шымкенттік клуб -5-те, "Тобыл" - алтыншы сатыда . Әзірше көш басында - "Ақтөбе". Ең соңғы орында 4-ақ ұпай жиған  "Шахтер" орналасқан.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров