Кипрдің «Анортосисінде» доп тебетін «Тобылдың» бұрынғы ойыншысы Боян Младович Қазақстан мен Кипр чемпионаттарының айырмашылығы жайлы айтты.
«Бұл жақтың алаңдары көш ілгері. Кипрде негізінен табиғи төсеніш, ал Қазақстандағы стадиондардың басым бөлігінде жасанды төсеніш қой. Сондай-ақ, стадиондар тұрғысынан да Кипр алда тұр. Тағы мұндағы чемпионаттың ойындары үшін алыс қашықтықтарға барудың қажеті жоқ. Ауа райы, климаттық жағдайлары да қолайлы», - деген болатын Б. Младович.
Естеріңізге салайық, «Астана» Конференциялар Лигасының негізгі кезеңінде кипрлік «Пафос» және «Апоэл» клубтарымен кездеседі. Пафоспен алдағы бейсенбіде жолықса, «АПОЭЛГЕ» қарсы кездесуін алтыншы турда өткізбек.
Біздің серіктес: FONBET