Жарнама
Жарнама

«Тобылдың» Чемпиондар лигасына арналған өтінімі жарияланды

04.07.2022, 01:06
Құрамға қостанайлық клубтың екі жаңа ойыншысы енді.
Жарнама
Жарнама

«Тобылдың» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде венгриялық «Ференцварошпен» болатын ойынға арналған өтінімі белгілі болды.

«Тобылдың» бас бапкері Милан Миланович құрамға 22 ойыншыны қосты. Бірақ командаға күні кеше қосылған 29 жастағы сербиялық шабуылшы Мильян Вукадинович бұл тізімнен тыс қалды.

Қақпашылар: Сұлтан Бұсырманов, Александр Мокин, Тимур Акмурзин.

Қорғаушылар: Роман Асранқұлов, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров, Сергей Малый, Жарко Томашевич, Алекса Аманович.

Жартылай қорғаушылар: Данияр Семченков, Асхат Тағыберген, Серікжан Мужиков, Зоран Тошич, Самат Жарынбетов, Рубен Бриджиду, Жасұлан Жұмашев, Душан Йованчич, Владислав Васильев, Вячеслав Күлпейісов.

Шабуылшылар: Айбар Жақсылықов, Игорь Сергеев, Серж Дебле.

Айта кетейік «Тобыл» мен «Ференцварош» арасындағы алғашқы кездесу 6 шілдеде Қостанайда, қарымта ойын 13 шілдеде Будапештте өтеді.