Жарнама
Жарнама

“Тобылдың” экс-ойыншысы мансабын аяқтады

33 жастағы грузин жартылай қорғаушы Ника Квеквескири футболмен қоштасты.

Жарнама
Жарнама

Ника кәсіби мансабында грузиялық “Байя”, “Динамо” Тбилиси, “Цхинхвал”, “Дила”, әзербайжандық “Кешля”, “Габала”, польшалық “Лех”, венгриялық “Ньиередьхаза” және қазақстандық “Тобыл” командасында өнер көрсетті.

Қазақстандық клубта ол 2017 жылы доп тепті. Әмбебап жартылай қорғаушы Қостанай ұжымында жалпы алғанда, 84 матч өткізіп, 5 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді. Сары-жасылдармен болған маусымдарда Квеквескири ел чемпионатының күміс және қола жүлдесін қанжығасына майлады. 

Бұдан бөлек, Грузия құрамасының экс-ойыншысы “Лехпен” Польша Кубогы және “Динамо” Тбилисимен ішкі чемпионат пен Кубокке қол жеткізді. 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: