Жарнама
Жарнама

«Тобылдың» франциялық легионері командадан кетті

16.01.2022, 17:01
Футболшы клубпен екі титулға қол жеткізді.
Жарнама
Жарнама

30 жастағы франциялық жартылай қорғаушы Жереми Манзорро қостанайлық «Тобылдан» кетті. Бұл туралы футболшының өзі Instagram парақшасында хабарлады.

«Бір жарым жыл – 2 титул. Мен әрқашан қолымнан келгеннің бәрін жасадым, жанкүйерлер үшін чемпионатты топ жарғанымызды мақтан тұтамын. Жанкүйерлерге қолдаулары үшін алғыс айтамын, бар жақсылықты тілеймін», - деп жазды Манзорро.

«Тобыл» сапында Манзорро ел чемпионы, сонымен қатар Қазақстан Суперкубогінің иегері атанды. Ол қостанайлық клуб сапында 44 кездесу өткізіп, 7 гол мен 7 нәтижелі пасты өз атына жазды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров