Жарнама
Жарнама

«Тобылдың» легионері: Қазақстандағы бірінші маусымдағы ойынымнан үлкен ләззат алдым

23.11.2024, 09:41

«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Ахмед Эль-Мессауди қостанайлық жанкүйерлерге алғыс айтып, ҚПЛ-дегі алғашқы маусымынан алған әсерімен бөлісті.

Ахмед Эль-Мессауди
Жарнама
Жарнама

«Жанкүйерлерге маусым бойы қолдау білдіргендері үшін алғыс білдіргім келеді. Жоспарлағанның барлығын толыққанды жүзеге асыра алмасақ та, Қазақстанда өткізген бірінші маусымдағы ойынымнан үлкен ләззат алдым. Ин ша' Алла жақсылықтар бізді әлі алда күтуде», - деді қостанайлық футболшы. 

Ахмед Эль-Мессауди былтыр «Тобыл» сапында 24 кездесуге қатысып, 4 гол салды. Марокколық жартылай қорғаушы қостанайлық клубтан бөлек, түркияның «Газиантеп», нидерландының «Гронинген», «Фортуна» секілді командаларының  намысын қорғаған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров