Жарнама
Жарнама

«Тобылдың» словениялық футболшысы командадан кетті

30.06.2022, 17:40
Футболшы соңғы ойында дебюттік голын соққан еді.
Жарнама
Жарнама

«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Руди Пожег Ванкас келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты командадан кетті.

28 жастағы футболшы қостанайлық клуб сапында 6 ойын өткізіп, «Қызыл-Жар» қақпасына дебюттік голын соққан болатын.

Ванкас Словения чемпионатында «Колпа», «Домжале», «Целье» және «Марибор» командаларында ойнады, соңғысында ол капитан ретінде алаңға шықты. Осы жылдың басында вингер украиналық «Черноморец» сапына қосылды.

Ванкас Словения чемпионатында 274 матч (49 гол, 32 нәтижелі пас) және еурокубокте 15 кездесу өткізген.

Сондай-ақ Руди Словения ұлттық құрамасы сапында 2018 жылы дебют жасап, 1 матчқа қатысты. Ал жастар құрамасында 37 матч өткізді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров