Жарнама
Жарнама

«Тобылдың» тәжірибелі ойыншысы командадан кетуі мүмкін

24.12.2021, 00:42
Ол командадағы ең көп жалақы алатын футболшы.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Зоран Тошич командадан кетуі мүмкін.

Сербиялық футболшының қостанайлық клубпен келісім-шарт мерзімі аяқталды. Ал «Тобыл» басшылығы оның болашағына қатысты нақты шешім қабылдаған жоқ. Айта кетерлігі, тәжірибелі ойыншының қостанайлық клубтағы жалақысы 25 мың долларды құрайды.

Зоран Тошич бұған дейін «Партизан», «Манчестер Юнайтед», ЦСКА сияқты клубтарда ойнаған. Ол Ресей, Англия, Сербия және Қазақстан чемпионаттарында топ жарды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров