Жарнама
Жарнама

«Тобылға» Петренко келді

03.06.2011, 17:50
Жарнама
Жарнама
Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы жанкүйерлерге жаңа бапкерін таныстырды. Ресейлік маман Равиль Сабитов босатқан орынға тағы бір ресейлік Сергей Петренко келді. Сергей Петренко футболшы ретінде тек мәскеулік «Торпедоның» ғана сапында өнер көрсеткен екен. Бапкер ретінде де «Торпедоны» жаттықтырып, «Тобылға» келгенге дейін Нижегородск қаласының «Волга» клубында қызмет атқарған. Енді бұл маманның алдына премьер-лигада үздік алтылыққа ену тапсырмасы қойылып отыр. Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір қостанайлықтар 14 ұпаймен турнир кестесінің 8-орнында келе жатыр. Қызметіне сәрсенбінің сәтті күні кіріскен маманның әлеуетін 7 маусымда «Ертіс» – «Тобыл» ойынында байқаймыз. Автор: Арсен Жанаділ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров