Чемпиондар лигасының үшінші кезеңінде өнер көрсететін командалар арасындағы алғашқы ойындар ойналды. Тартысты ойын Украина жерінде күтілген. Киевтің «Динамосы» соңғы жылдары осы турнирде сәтті ойнап жүрген Қазанның «Рубинын» қабылдаған.
Ойын алдына «Динамо» жеңісті шапай алады дегендер де , «Барселонаның» өзін сырт алаңда ұтып жүрген Бердыев жігіттері украиналық команданы да бұйым көрмейді деп сөз саптағандар да табылған. Ал біздіңше қос ұжымның да шама – шарқы деңгейлес көрінген. Қателесіппіз… Қазандықтардың бір бармағы бүгулі екен. Касаев пен Натхо салған доптар қонақтарға жеңіс әкелді. Негізгі құрам ойыншыларының тең жартысы ойынға араласпаса да сырт алаңда жеңіс тойын тойлаған «Рубин» келесі кезең мәселесін түбегейлі шешіп тастады десек те болады. Шабуылдан көрі қорғанысты басты назарда ұстайтын Құрбан Бердыев командасы өз алаңында екі гол жібереді дегенге сену қиын. Қарымта кездесіу 3-тамызда Татарыстанда ойналады.
Чемпиондар лигасы аясында бұдан өзге де бірнеше ойындар ойналғанды. Назарларыңызға сол ойындардың нәтижесін ұсынамыз:
ТВЕНТЕ – ВАСЛУЙ – 2:0 (1:0).
ГОЛ: Янко, 34-пенальтиден (1:0). Янко, 57 (2:0)
Литекс (Болгария) – Висла (Краков, Польша) – 1:2 (1:1)
ГОЛ: Лейми, 19 (0:1). Веллингтон, 45 (1:1). Меликсон, 76 (1:2).
Генк (Бельгия) – Партизан (Сербия) – 2:1 (0:0)
ГОЛ: Томич, 65 (0:1). Воссен, 70- пенальтиден (1:1). Огунжими, 90+2 (2:1).
Зестафони (Грузия) – Штурм (Австрия) – 1:1 (0:0)
ГОЛ: Гелашвили, 74 (1:0). Вольф, 78 (1:1).
Экранас (Литва) – БАТЭ (Беларусь) – 0:0.
АПОЭЛ (Кипр) – СЛОВАН (Словакия) – 0:0
РЕЙНДЖЕРС (Шотландия) – МАЛЬМЕ (Швеция) – 0:1
ГОЛ: Ларссон, 18 (0:1).
"Футболкз.кз"