"Қайрат" Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде "Алашкерттен" жеңіліп қалды. Матч Еревандағы "Вазген Саргсян" атындағы стадионда өтіп, 3:2 есебімен аяқталды.
Кездесудің 43-минутында Эмбало Папикянның пасынан кейін командасын алға шығарды. Бірақ бұл қуаныш көпке созылмады. Бірінші таймға қосылған қосымша уақытта Айбол Әбікен таразы басын теңестірді. 50-минутта Эмбало дубль авторы атанды. Ал жауапты голды 61-минутта қосалқы құрамнан шыққан Артур Шушеначев соқты. Бір минут өткеннен кейін Денис Поляков, ал 92-минутта Айбол Әбікен тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Мұны пайдаланған алаң иелері 104-минутта жеңісті голды соғып кетті. Өткен матчта пенальтиден гол соға алмаған Александр Глишич көзге түсті.
Осылайша, алматылық клуб еурокубоктегі жорығын Конференция Лигасында жалғастырады.
Біздің серіктес: FONBET