Жарнама
Жарнама

Тоғыз футболшымен ойнаған «Қайрат-Мәскеу» өз қақпасына жауапсыз алты гол өткізіп алды

19.09.2021, 03:20
Қызыл қағаз алу «Қайраттың» әдетіне айналған секілді.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат-Мәскеу» ФНЛ-2 турнирінің тоғызыншы турында өз алаңында «Тверь» командасынан 0:6 есебімен ұтылды.

Тимофей Шипунов дубль, ал Даниил Мартовой хет-трик авторы атанды. Қалғар бір голды Алексей Орлов өз атына жазды. Ойынның 33-минутында Никита Мацхарашвили, 68-минутта Сергей Киряков қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды

«Қайрат-Мәскеу»: Дінмұхаммед Жомарт (қ) - Егор Ткаченко, Равиль Ибрагимов, Сергей Киряков, Лев Кургин - Андрей Савинов (Ваагн Айрапетян 81), Данияр Әлімжан, Антон Крачковский - Айбар Абдулла (Ален Айманов 80), Дархан Мәделхан (Байжан Мәделхан 66), Никита Мацхарашвили;

Бұл жеңілістен кейін «Қайрат-Мәскеу» төртінші орынға түсіп қалды. Мәскеулік клуб тоғыз ойында 14 ұпай жинады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров