Жарнама
Жарнама

Тохтар Жаңғылышбай: «Чемпионат жаздың бірінші күнінен басталса қуанар едім»

10.05.2020, 00:06
Жарнама
Жарнама

️ «Ордабасы» командасының шабуылшысы Тохтар Жаңғылышбай чемпионаттың жаңа үлгісі жайлы, команданың келешегі, және Ресейдегі Қазақстандық футболшылардың мәртебесі жайлы.

- Екі ай футболсыз өмір сүрі қалай екен?

- Өте қиын (күлімдеп). Жекелей бағдарламамен жаттықтық, әрине ол қалаған жағдаймыз емес. Ол бағдарлама арқасында форманы үстап тұруға болады, ал футболтұырынан бір орында тұрақтап қалдық. Жаттығулар басталғаннан кейін көп жұмыс жасап өткізгеннің барлығын, жетіп алуға тырысамыз. Қалған уақытта үйде жанұяммен болдым, фильмдер, телехиқаялар көрдік.

-Футбол мансабыңызда осындай үлкен үзілістер болғанба еді?

- Желтоқсан айындағы еңбек демалысын есептемесе болмаған.

- Мүмкін осы жылы ҚПЛ үш емес, екі кезеңнен тұру мүмкін, оған қалай қарайсыз?

- Әрине, көбірек ойын болғанын қалайсың, бірақ чемпионаттың осындай үлгісі барлығына ыңғайлы болса, мен қосыламын. 

- Қалай ойлайсыз чемпионатты вирустың таралуынан тоқтатылғаны дұрыс шешім болды ма?

- Ойымша дұрыс істелген. Адам денсаулығы бірінші орында.

- Ойыңызша енді чемпионатты қашан жалғасытырып, қашан аяқтауға болады?

- Қазір ресми шешімдерді күтіп отырмыз. Чемпионат жаздың бірінші күнінен басталса қуанар едім. Ойымша маусымды жоспарлағандай Қараша айында аяқтаймыз. 

- Өткен жылы сіз салған голдардың бірі ҚПЛ ең үздігі болды. Енді осы маусымда осындай секілді жоспарлар бар ма? Мүмкін жаңа рекорд орнату?

- Командаға турнирлік кестенің жоғарғы сатысына көтерілуге көмек беріп, өте жақсы ойын өрнегін көрсету ойым бар.

- Қалай ойласыз осы жылы «Ордабасы» бірінші орынға күресе алады ма?

- Ия, бізде мықты бапкерлік штаб, басшылық, ойыншылар мен барлық қызметшілер. Егер жұмылып, бас бапкердің нұсқауларын тыңдап орындасақ табысты күресе аламыз. 

- Ресейдегі Қазақстандық футболшылардың легионер мәртебесінің алынып тастауы жайлы не ойлайсыз?  

- Бұл керемет жаңалық. Әсіресе сонда Ресейде ойнайтындар үшін. Ал Қазақстанда қалғандар, енді Ресей чемпионатына түсу үшін көбірек талпынатын болады.

"Ордабасы" баспасөзі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров