"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңінде "Селтикке" қарсы матчтағы пенальти сериясы алдында болған қызықты сәтті әңгімелеп берді.
– Пенальти сериясында жүйкеңіз қатты сыр берді ме?
"Әрине, мұндайда үнемі уайымдайсың, қобалжисың. Бірақ "Селтикпен” болған серияда күлкілі жағдай орын алды. Негізгі төреші бізге келіп: "Егер қақпашыңыз шешуші соққыны қайтаратын болса бірден қуанып кетпеңіздер, VAR-ды қараймыз, ол сызықтан ертерек шығып кетуі мүмкін." — деді. Содан соң біздің қақпашымыз соңғы пенальтиді қайтарды да, бәрі алаңға жүгіріп шығып, қуана бастады. Ал мен оларға: "Тоқтаңдар, қуанышқа ерте берілмеңдер. Қазір қарайды” дедім. Бір сәтке абыр-сабыр болды бәрі тойлап жатыр, ал мен оларды сабырға шақырып тұрмын. Кейін төреші рұқсат берді, сол кезде барып толық қуанышқа бөлендік." — деді Уразбахтин.
Біздің серіктес: FONBET