Жарнама
Жарнама

Толықтай шешілді – “Қайрат” Чемпиондар лигасының қалған ойындарын Астанада өткізеді

29.10.2025, 22:00

"Қайрат" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі қалған екі үй матчын Астанада өткізуге нақты шешім қабылдады.

Жарнама
Жарнама

29 қазанда клуб өкілдері елордаға арнайы келіп, MTEX Management компаниясымен келіссөз жүргізген. Аталған компания Астанадағы спорт және мәдениет нысандарын біріктіріп басқаратын мекеме болып табылады.

Кездесудің басты тақырыбы — "Астана Арена" стадионын жалға алу мәселесі. Келісім бойынша, "Қайрат” өз алаңындағы екі ойынды дәл осы аренада өткізеді – 9-шы желтоқсанда Гректің "Олимпиакосына", 20-шы қаңтар Бельгиялық "Брюгге” клубына қарсы.

Тараптар өзара түсіністікке келіп, келісімге қол жеткізгені хабарланды.

Бұл шешім ауа райы мен Алматыдағы "Орталық стадионның” қысқы кезеңдегі техникалық талаптарға сай келмеуіне байланысты қабылданған.

Осылайша, Алматылықтар Чемпиондар лигасының ең маңызды кезеңін "Астана Аренада", елордалық жанкүйерлердің қолдауымен өткізетін болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров