Жарнама
Жарнама

Томас Мюллер: «Біз тіпті 2014 жылы да бразилиялықтарды бұлайша оңай жеңбегенбіз»

15.08.2020, 20:29
«Баварияның» шабуылшысы Томас Мюллер кешегі «Барселонамен» өткен жеңісті матчқа қатысты сөз сөйледі.
Жарнама
Жарнама

"Біз тіпті 2014 жылғы Әлем Чемпионатындағы Бразилиямен матчта да ойын тағдырын бұлайша оп-оңай шешпедік. Кеше ерекше түн болды, ерекше нәтиже, ерекше ойын.

Алаңға алмасып шыққан ойыншылардың да ойынды бір қарқында ұстап есептің еселенуіне көмектескеніне қуаныштымын. Ең бастысы, алаңда өзімізді еркін ұстадық, ешкімге ешқандай шектеу қойылған жоқ.

Менің тағы бір тарихи матчтың қатысушысы болғаным керемет сезім, ал енді келесі кездесулерге дейін қалыпқа келуіміз керек"- деп жазады Goal.com Мюллердің сөзін.

Шыңғысхан Досмухамбетов

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров